Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды және Студент Үйіне орналасу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Естеріңізге саламыз: орын алу үшін өтінімдер беру мерзімі 27 тамызға (18:00) дейін!
№1: КАЗГЮУ Студент Үйінен орын бөлу
Тұрғын үй комиссиясы алдымен Қорғалжын тас жолы, 8/2 мекенжайы бойынша орналасқан КАЗГЮУ Студент Үйінен орындарды қарастырады және оларды бөледі.
Өтінімдер 27 тамызға (18:00) дейін қабылданады.
28 тамыз – Тұрғын үй комиссиясының отырысы;
29-31 – Студент Үйіне орналасу, орналасу уақыты: сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін.
№2: КАЗГЮУ студенттеріне арналған хостелге орындарды бөлу (Кенесары, 17/1 мекенжайы бойынша)
29-31 тамыз аралығында – Platonus жүйесі бойынша өтінімдерді қабылдау;
1 қыркүйек – Тұрғын үй комиссиясының отырысы;
1-3 қыркүйек аралығында – хостелге орналасу;
Орналасу уақыты: сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Біз KAZGUU Студент Үйіне орындардың қалай бөлінетінін толығырақ түсіндіріп өткізіміз келеді. ????
Төмендегіні оқыңыздар:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларының 10, 11-тармақтарына сәйкес.
Конкурстық комиссия KAZGUU Студент Үйінен орындарды бөлуде негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, келесі басымдық тәртіппен жүзеге асырады:
1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
2) кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ қандастар;
3) «Алтын белгі» белгілері бар бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ ұйымды үздік бітіргендігі туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар талапкерлер;
4) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің, пәндер бойынша немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балы бар білім алушылар;
5) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курста оқитындар қатарындағы білім алушылар;
6) KAZGUU Студент Үйінде бос орын болған жағдайда ұйымның өзге де білім алушылары.
7) Білім алушылар қатарындағы шетелдіктер халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес KAZGUU Студент Үйінде орындармен қамтамасыз етіледі.