ҚР-ның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесу
Сәуірдің 2-сі күні MediaClubQazaqstan іс-шарасының аясында КАЗГЮУ Университетінің қабырғасында ҚР-ның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесу өтті.
Кездесу еркін, сұрақ-жауап форматында болды. Келушілер арасынан қызықты келесі сұрақтар қойылды:
Елімізде өзіміздің спутник қашан болады?
Байқоңыр қашан Қазақстанның қарамағына толық өтеді?
Сандық, электронды сенімхат қолданушыларға ақылы болады ма, әлде тегін бе?
Қоғамға арналған 1414 қызмет нөмерінің күту уақыты 5 минут 19 секундты құрайды, бұл шындыққа жаңасады ма?
Крипта индустрия саласында криптобиржа анонсы шыққан болатын. Сол туралы толық айтсаңыз. Ресей, Украина елдері үшін де ашық болады ма?
Қоғамдағы цифрлық сауаттылықты қалай арттыруға болады?
Сіздерден осы жобаға қолдау ала аламыз ба?
Ресей мен Украинадан мамандар келсе, елдегі ақпараттық, мемлекеттік қауіпсіздік қалай болмақ?
Шекаралық аймақта, мысалы Қордайда «Qazaq Radio», «Shalqar» радиосы істемейді, бірден Қырғызстан ақпараттық кеңістігіне қосылып кетеді. Осы мәселе бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Бағдат мырза аталмыш сұрақтарға 4 сағат арасында бүге-шүгесіне дейін жауап берді. Қатысушылар толық жауаптарын алып, өз ой-пікірлерін айтты.
Министр осындай басқосулардың маңызды екенін атап өтті.