✅ Бүркіт жемтігін биіктен байқайтыны сияқты, тілші де қозғайтын тақырыбынан биік болуы тиіс. Зерттемеген, білмейтін саласына жоламасын.
✅ Жазған жазуында қате жібермейтін адам - ішкі мәдениеті жоғары адам.
✅ Журналист өз мәтінін өзі редакциялай білуі керек. Материалын сырт көзбен, көрермен ретінде көріп, олқылығын таба алса игі. Өзінің қателігінен сабақ ала алмайтындарды ешкім оқытуға да тырыспайды.
✅ Әр сөйлемін басқа тілге аударып көру керек. Егер жазған сөйлемің қытайшаға болсын, орысша, немісше, корейше, кез келген тілге аударылатын болса, онда сөйлемің дұрыс. Ал басқа тілге аударылмаса, ол аударманың қателігі емес, сөйлеміңде кінәрат бар.