Клубтың ашылуында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы сарапшылар мен журналистер арасында құқықтық, әлеуметтік-экономикалық диалог құрылатынын айтты. Аталған университет елімізде салалық журналистиканы дамытуды қолға алды. Шет елдің жоғары оқу орындарын бітірген университет профессорлары БАҚ өкілдерінің заң, құқық, әлеуметтану, экономика және қаржы салалары бойынша білімін жетілдіруге көмектесуде.