Журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды
MEDIA CLUB QAZAQSTAN аясында журналситерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды. Жобаның оқыту әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Аталған клуб жұмыс барысында бүкіл әлемге танымал Cambridge English, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English бағдарламаларына негізделген үздік тілдік тәжірибелерді пайдаланады. Клубтың бейресми кездесулерін халықаралық сертификаттары бар білікті мамандар аптасына екі рет, онлайн және офлайн форматта өткізеді. Жобаға іріктеу аяқталды, 2021 жылдың 12 наурызында ағылшын тілінде сөйлеу клубының алғашқы кездесуі өтті.