28 мамыр сағат 19:00-де MEDIA CLUB QAZAQSTAN-ның TEDx форматындағы алғашқы кездесуі өтеді.
KAZGUU доценті, «Q-Orator» шеберлік орталығының директоры Қарлығаш Советханқызы ТEDx-те ым-ишара тілінің және дауыс, екпіннің маңызы қандай екенін, жаңа форматтың қыр-сырын үйретеді.
Сондай-ақ қатысушылар "Мен бәсекеге қабілетті журналиспін бе?" тақырыбы бойынша 4 минут TEDx форматында сөйлейді.
Қатысушылар арасынан ерекшеленген 4 адамға Қарлығаш Советханқызының арнайы сыйлығы бар.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ. Қорғалжын тас жолы 8, KAZGUU Университеті.