Сарапшылардың пікірінше, қазір аралас мектеп өзінің тарихи миссиясын аяқтап шықты. Бірақ сонда да аралас мектеп салуды жалғастырудамыз. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының 90% қазақтар тұратын шағын аудандарына аралас мектептер салынуда. Тұрғындардан сауалнама жүргізілмеген, кімнің баласы қай тілді екені анықталмаған. Статистикаға қарайтын болсақ, 2021 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2047 аралас тілде оқытатын мектепте білім алуда. Яғни елімізде аралас мектептер саны 30%-ды құрап отыр.
Осы және өзге де сұрақтарды бүгін сағат 15:00-де MEDIA CLUB QAZAQSTAN парақшасында тікелей эфирде талқылайтын боламыз.
Тақырып: Елордада аралас мектептердің саны артып барады
Эфир қонақтары:
Оразкүл Асанғазы - қоғам қайраткері
Шәкәрім Сейсенбай - Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасының басшысы
Нартай Әшім - academia.kz онлайн жобасының жетекшісі
Шолпан Кадырова - BINOM School компаниясының басқарушы директоры
Ерболат Мұхамеджан - KAZGUU Университеті Басқарма төрағасының орынбасары, модератор.