Жаңалықтар

Үш күндік «ZAN & MEDIA» курсы өтті

Жаһандық жаңалықтар ауқымы артқан сайын салалық журналистикаға сұраныс артып келеді. Осы орайда КАЗГЮУ Университеті қазақстандық оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып, журналистер үшін арнайы «ZAN & MEDIA» курсын ұйымдастырды. Арнайы оқыту бағдарламасына негізделген
курсты әлемнің озық университеттерінде білім алған, Халықаралық градация жүйесі бойынша қызмет еткен мамандар жүргізді. 

Курс бағдарламасы:

12 қараша, сағат 13:00-де Абай Абылайұлы
«СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ, ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ» тақырыбында онлайн вебинар жүргізді. Абай Абылайұлы - заңгер, Ұлыбританияның Leeds Университетінде оқыған, Халықаралық кәсіпкерлік құқық магистрі. 

13 қараша, сағат 13:00-де Аслан Танекенов «ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ. БАҚ-ТА ӘЛЕУМЕТТІК ТАҚЫРЫПТАРДЫ САУАТТЫ АШУ» тақырыбында онлайн вебинар жүргізді. Аслан Танекенов Британиялық Кеңес ұсынатын Researcher Connect Programme бағдарламасының сертификатталған оқытушысы болып табылады. АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің, Халықаралық даму жөніндегі департаментінің (Ұлыбритания), Еуропалық Одақтың бірқатар жобаларының директоры болған. Кембридж Университетінің пәнаралық халықаралық зерттеу жобаларына атсалысқан. 

14 қараша, сағат 10:00-де Сағидолла Баймұратпен «СКАНДАЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА» тақырыбында КАЗГЮУ Университетінің ғимаратында кездесу өтті. Сағидолла Баймұрат Қазақстандағы үздік заң консультанттарының бірі, құқық магистрі, Лондонның экономика мектебін тәмамдаған.