MEDIA CLUB QAZAQSTAN аясында 2021 жылдың 14 ақпанында журналистермен "Balqaragai" демалыс аймағында Тиимбилдинг ұйымдастырылды. Бағдарлама бойынша демалыс таңертеңнен кешкі уақытқа дейін созылды. Шара БАҚ өкілдерін медиа-клуб жұмысымен таныстыру, клуб мүшелерімен арадағы байланысты нығайту мақсатында өткізілді.