Жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТЕР TEDx ФОРМАТЫН ҮЙРЕНДІ

Бүгін MEDIA CLUB QAZAQSTAN-ның TEDx форматындағы алғашқы кездесуі өтті. KAZGUU Жоғары Гуманитарлық мектебінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қарлығаш Советханқызы журналистерге ТEDx форматында сөйлеу техникасын, мәтінмен жұмыс істеуді, сахнада ым-ишара тілінің және дауыс, екпіннің маңызы қандай екенін үйретті. 

Жаңа форматта көпшілік алдында сөйлеуді үйренген қатысушылар сахнаға шығып, "Мен бәсекеге қабілетті журналиспін бе?" тақырыбы бойынша 3 минут ойларын жеткізді. 

Кездесу соңында Қарлығаш Советханқызы қатысушылардың барлығына 1 айлық курсты тегін өткізетінін айтты. Енді журналистер ТEDx форматында сахнада сөйлеудің қыр-сырын үйренетін болады.

2021-05-28 15:37