Профессорлар
Баекенов Болат Әбдірахманұлы
Мами Кайрат Абдразакулы
Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы
Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы
Монтасер Абу Зейд
Кристофер Кэмпбелл-Холт
Жәмішев
Болат Бидахметұлы
Мохамед
Махмут
Абдельсалам
Абделлатиф
Кристофер Осакве
Йен
Юнгманн
Мохаммад
Джавад
Зариф
Лорд
Гарри Кеннет Вульф
Құрметті
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев
Алға
Мұхаммед Джавад Зариф екі магистр дәрежесіне ие және халықаралық құқық пен саясат саласындағы философия докторы. 1988 жылы Денвер университетінде жарық көрген «Халықаралық құқық пен саясаттағы өзін-өзі қорғау» кітабының авторы.

Ол еңбек жолында Иранның Сыртқы істер министрі Али-Акбар Велаятидің бірінші көмекшісі, Иранның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілінің орынбасары және Сыртқы істер министрінің халықаралық қатынастар және құқық жөніндегі орынбасары болды. 1993 жылы Иранның Ирактағы делегациясының 1980-1988 жылдардағы соғыстан қалған даулы мәселелер, сондай-ақ әскери тұтқындардың тағдыры бойынша келіссөздерін басқарды. Сонымен бірге Тегеран университетінің Халықаралық құқық профессоры болды, бірқатар ғылыми журналдардың, соның ішінде қарусыздану, адам құқықтары, халықаралық құқық және аймақтық қақтығыстар туралы мақалалары жариялаған «Халықаралық қатынастар және Иранның сыртқы саясаты жөніндегі журналдың» редакторлық кеңесінде қызмет етті. 2000 жылы БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясының төрағасы болды, БҰҰ жанындағы Иран Ислам Республикасының Тұрақты Өкілі болып табылады. 2013 жылдың 15 тамызынан 2021 жылдың 25 тамызына дейін Иранның Сыртқы істер министрі болды.

Иран дипломаты, ғалым, Ислам Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі
Мохаммад Джавад Зариф
Председатель Суда Международного финансового центра «Астана»
Лорд Гарри Кеннет Вульф
Партнер RSP International, RSP International (Австрия) Лекции «Основы аудита», «Мировая экономика»
Йенс Юнгманн
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев
Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, экономист, халықаралық қатынастар магистрі, саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Сараптау орталығында қызмет етті.

Мәулен Сағатханұлы бесінші, алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

2020 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Египетский судья, является Генеральным секретарем Совета мусульманских старейшин
Мохамед Махмуд Абдельсалам Абделлатиф
Юрист, кандидат юридических наук, профессор
Кристофер Осакве
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесінің төрағасы, «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Жәмішев Болат Бидахметұлы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесінің төрағасы, «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Болат Бидахметұлы экономика ғылымдарының кандидаты, өз мансабын Қазақстан кәсіпкерлер конгресі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып бастаған. Мемлекеттік қызметті 1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары қызметінен бастады;

Өзінің еңбек жолында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасының вице-министрі және бірінші Қаржы вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі болып қызмет атқарды;

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі лауазымдарында еңбек етті.
2022 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы, ал 2022 жылғы 4 шілдеден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

«Коньки тебушілер ұлттық федерациясы» РҚБ құрметті президенті, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен, ҚР ҚМ «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. «Нұр-Отан» ХДП мүшесі.

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Палестины в Республике Казахстан
Монтасер Абу Зейд
Регистратор и Руководитель аппарата МАЦ, Суд МФЦА и Международного арбитражного центра
Кристофер Кэмпбелл-Холт
Он руководил созданием Суда МФЦА и МАЦ и является членом Правового консультативного совета МФЦА, который рассматривал и утвердил первоначальную нормативно-правовую базу МФЦА, а также является Регистратором, руководителем аппарата Суда МФЦА и Судьей по исполнению судебных решений.

Кристофер Кэмпбелл-Холт является членом Консультативного совета по правовым вопросам МФЦА, который рассматривает и утверждает законы МФЦА и является членом Рабочей группы по судебно-правовой реформе Высшего совета реформ при Президенте Республики Казахстан, членом международного совета при Верховном Суде Республики Казахстан, который готовит рекомендации и предложения о мерах по совершенствованию судебной системы Республики Казахстан.

В 2022 году награжден Орденом «Достык» Президента Республики Казахстан, которая является высшей государственной наградой Республики Казахстан, которой могут быть награждены лица, не являющиеся гражданами Казахстана. Он присуждается лицам «За содействие международному и гражданскому консенсусу в обществе и содействие миру, дружбе и сотрудничеству между народами».

Награжден «Юбилейной медалью» в 2020 году Президентом Республики Казахстан за «значительный вклад в формирование государственности, укрепление суверенитета и социально-экономическое развитие Республики Казахстан». В 2021 году награжден медалью Верховного Суда Республики Казахстан «За вклад в развитие международного сотрудничества».
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі
Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы
Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Асхат Қайзоллаұлы заң ғылымдарының кандидаты болып табылады, сондай-ақ Алматы Төрелік соты төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Өзінің еңбек жолында Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, Әділет біліктілік алқасының төрағасы және «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті – бас әкімшілік директоры болып еңбек етті;
1999 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды, онда ТМД парламентаралық ассамблеясындағы құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияны, сондай-ақ «Әділет» сот-құқықтық реформасы мәселелері жөніндегі депутаттық топқа жетекшілік етті.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасындағы табысты мансабынан кейін ол Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

1-дәрежелі «Даңк» (2009), 2-дәрежелі «Даңк» (2004) ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы
Мәми Қайрат Әбдіразақұлы
M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нің құрметті профессоры, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы.

Қайрат Әбдіразақұлы заңгер-құқықтанушы, жоғары біліктілік сыныбының судьясы, сондай-ақ заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолында Алматы қалалық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып қызмет етті. Ол сондай-ақ Әділет вице-министрі, Бас прокурор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы болды.

Қазіргі уақытта ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып табылады. Беларусь Республикасы шаруашылық сотының құрметті қызметкері, «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

Қазақстанның мемлекет және ғылым қайраткері, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы

Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы
1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты Комсомол комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы;

Махмұд Базарқұлұлы өзінің еңбек жолында Алматы қаласы Қазақстан ЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің және Қазақстан ЛКЖО Алматы облыстық комитетінің хатшысы, сондай-ақ Қазақстан ЛКЖО ОК насихаттау және үгіт бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

1996 жылғы наурыздан бастап ҚР Президенті Кеңсесінің төрағасы болып тағайындалды, ал 2004 жылдан бастап ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы болып табылады.
Махмұд Базарқұлұлы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты және «Құрмет», III дәрежелі «Барыс», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен иегері болып табылады. 12 медаль, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президентінің Құрмет грамотасы, «Мінсіз қызметі үшін», «Үздік мемлекеттік қызметші», I дәрежелі «Барыс» төсбелгілері бар.

Қазақстанның күзет ұйымдары қауымдастығының президенті.
Баекенов Болат Әбдірахманұлы
1994 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; запастағы генерал-лейтенант, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші Төрағасы.

Баекенов Болат Әбдірахманұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы «Егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы» стратегиясын іске асыруға елеулі жеке үлесін қосты. Оның басшылығымен Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің заңнамалық және нормативтік құқықтық базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Барлық лауазымдарда Болат Баекенов өзін кәсіби дайындалған, бастамашыл, табанды және талапшыл басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Бұл іскерлік қасиеттері адалдық, объективтілік, өз қарамағындағылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына мұқият қарау сияқты қасиеттерімен үлесін тауып, жалпы алғанда, өзі жұмыс істеп, қызмет кеткен ұжым арасында үлкен құрмет пен жоғары беделге ие болды.

Құрмет ордені, КСРО мен Қазақстан Республикасының 22 медалі бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері және Саран қаласының Құрметті азаматы болып табылады.