СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЫ
"MNU Student Research & Debate Challenge"
бірінші кезеңнің аяқталуына дейін қалған уақыт
Күн
Сағат
Минут
Секунд
ТІРКЕЛГЕН ҚАТЫСУШЫЛАР
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
"MNU Student Research & Debate Challenge"
«MNU Student Research & Debate Challenge» студенттердің ғылыми-зерттеу және дәлелдеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ дарынды студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін көрсетулеріне мүмкіндік беріп, оларды университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды мақсат тұтады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
  • Пен С.Г
    Провост, ұйымдастыру комитетінің төрағасы
  • Ахмади М.А.
    Ғылым және зерттеулер жөніндегі вице-провост
  • Кемельбаева С.С.
    Халықаралық экономика мектебінің директоры
  • Бектибаева О.С.
    Құқық жоғары мектебінің директоры
  • Ибраева А.Б.
    Жоғары Гуманитарлық мектебінің директоры
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
  • Байқауға MNU кез келген курсының студенттері қатыса алады.
  • Қатысушылар байқауға қатысуға жеке немесе топтық өтінім беруге құқылы.
  • Топтың құрамы 3 студенттен аспауы керек.
  • Байқауға қатысу тегін.
ТАҚЫРЫП
Жасанды интеллект қолданысындағы тепе-теңдік: практикалық, құқықтық және этикалық дилеммалар.
БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1
Бірінші кезең
Бірінші кезең: зерттеу компоненті.
Байқауға қатысушылар зерттеу тақырыбы бойынша аналитикалық қорытынды жазуы керек.
2
Екінші кезең
Екінші кезеңге 6 финалист өтеді.

Екінші кезең (финал): дебат – Debat Challenge.

Ұйымдастыру комитеті жеребе тарту арқылы алты финалистті «спикер/қарсылас» болатындай үш жұпқа бөледі және олардың сайықа түсу кезегін анықтайды.

Debat Challenge екі кезеңнен тұрады:

• дайындық (жазбаша) кезеңі, оның барысында қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелері мен дәлелдемелерінің қысқаша мазмұны болып табылатын меморандум жасайды;

• ауызша кезең: модераторлық жасалынатын бетпе-бет ауызша сөз тартыс форматында меморандумды қорғау.



Байқау күнтізбесі
15.10.2023
18 қазан 2023
Байқау туралы хабарландыру
- Байқаудың басталуы, тақырыптары, күнтізбелік жоспары және қатысу ережелері туралы хабарлау.
- Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасын құру.
- Топ құру кезеңінің басталуы.
23 қазан - 30 қазан 2023
Қатысушылардың байқауға тіркелуі
- 23.10.23: Командалар мен жеке қатысушыларды тіркеу процесінің басталуы.
- 30.10.23: Тіркеу аяқталды.
30 қазан 2023 - 15 қаңтар 2024
Бірінші кезең: Зерттеу компоненті
-23.10.23:Зерттеу кезеңінің басталуы.
-15.01.24: Зерттеу кезеңін аяқтау, жұмыстарды жинақтау және тексеру.
- Жұмыстарды жинау және тексеруді ұйымдастыру.
-29.01.24: Бірінші кезеңнің қорытындысын жариялау.
1 ақпан - 1 наурыз 2024
Екінші кезең: Дебат
- 1.02.24: Финалдың басталуы және финалистерді дебатқа дайындау.
- Финал ұйымдастыру/таратпа материалдар/жарнама/бейне түсіру
- 1-4.03.24: Финал және дебаттарды өткізу
14 наурыз 2024
Марапаттау және жабылу рәсімі
- MNU-дың 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында марапаттау рәсімін өткізу және жеңімпаздарды жариялау.
- Конкурсты аяқтау және нәтижелерін жариялау.
- Жеңімпаздарды марапаттау
Сәуір-Мамыр-Маусым
Гран-при командасының шетелге сапары
- Сапарды жоспарлау және ұйымдастыру
НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҒАЛАУ

Жұмысты тиісті саланың озық мамандары – профессорлардан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Байқау жеңімпаздары ғылыми-зерттеу және дебат кезеңдерінің ұпайларының қосындысы бойынша анықталады.

Байқау нәтижелері байқау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей осы веб-сайтта жарияланады.

БАЙҚАУДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Қатысушылар өздерінің қорытындыларында, меморандумдарында және басқа мәлімдемелерінде зерттеу этикасының жоғары стандарттарын ұстануы керек.

Қатысушылар пікірталас кезінде және өз дәлелдерін ұсынғанда кәсіби этикетті сақтауға және қарсыластары мен қазылар алқасының мүшелерін құрметтеуге тиіс.

Байқаудың қазылар алқасы ғылыми және кәсіби этика нормаларының сақталуын қатаң қадағалап, этикалық кодексті бұзған қатысушыларды жарыстан шығаруы мүмкін.

Байқауға жіберілген барлық жұмыстар түпнұсқа болуы керек (бұрын жариялауға немесе байқауға ұсынылмаған).

MNU Student Research & Debate Challenge нәтижелері мен материалдарын пайдалану (немесе параллель пайдалану) тек ұйымдастырушылардың келісімімен және дереккөзге сілтеме жасай отырып мүмкін болады.


СЫЙЛЫҚТАР
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.
1
Гран-при – Еуропа университеттерінің біріне саяхат
2
Планшеттер
3
Ақшалай сыйлық
Барлық даулы мәселелер мен келіспеушіліктер байқауды ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасындағы ақылдасу және келіссөздер арқылы шешілетін болады.